Мақтаарал ауданында түрік инвесторларымен бірлесе отырып, тоқыма өнеркәсібін ашу жоспарланып отыр. Жобаның қуаты жылына 6,6 мың тонна тоқыма бұйымдарын құрайды.
Сайрам ауданында жүнді қайта өңдеу цехы іске қосылады. Қуаттылығы күніне 3 тонна.
Жетісай ауданында 200 млн теңгеге аяқ киім фабрикасы іске қосылады деп күтілуде. Жобаның қуаттылығы күніне 200 жұп аяқ киім құрайды.
Шымкент қаласында 2,9 млрд теңгені құрайтын 5 жаңа өндіріс ошағы іске қосылып, оның ішінде 1,8 млрд теңгеге қағаз өнімдерін шығаруға арналған екі бірдей жоба іске қосылмақ.
Тоқыма өнімдеріне арналған жобалармен қатар, биыл аяқ киім өндірісін кеңейту көзделген. Жоба құны 290 млн теңге. Қуаты – жылына 150 мың жұп. Дайындалатын өнім толығымен ішкі нарыққа шығады. Шымкенттегі жоспарланған 5 жоба іске асатын болса, 240 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.
Ал Алматы облысында биыл балалардың жөргекін шығаруға арналған өндіріс орны өз жұмысын бастамақ. Жоба құны 256 млн теңге. Облыстағы 80 мың адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.