«Көлік жуу орындарына карантинде қала ішінде жүруге рұқсаты бар көліктер ғана бара алады. Жедел штабтың 28 наурыздағы шешімімен көшеде жүрудің негізгі тәртібі бекітілген. Сағат 9:00-18:00 аралығында жақын маңдағы химиялық тазалау нүктесіне баруға болады немесе кейбір орындар бұйымды үйден алып кетіп, тазартқан соң қайта жеткізіп береді. Болмаса тек жақын орналасқан химиялық тазартуға баруға рұқсат. Қала ішіндегі полиция үйден шығуыңыздың себебін мұқият тексереді», - деді Г. Қалиева.
Айта кету керек, Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша, бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы кәсіпорындардың жұмысы кезең-кезеңмен іске қосыла бастайды.