Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 2020 жылғы 21 сәуірде сағат 00:00-ден бастап кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет пен халық тұрмысының ерекше жағдайлары қарастырылған карантин режимі күшейтіледі.
21.04.2020 ж. сағат 00:00-ден бастап төмендегілерді қоспағанда, аудандардың және Петропавл қаласының карантиндік аймақтарының аумағынан кетуге/кіруге тыйым салынады:
халықтың тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;
медициналық себептермен кететін және кіретін адамдар;
карантин енгізілген кезеңде ауруханаларда емделіп, карантиндік және уақытша ауруханаларда бақылауға алынған адамдардың кетуі;
транзиттік жүк көліктері;
халықтың қажеттіліктері үшін ауыл шаруашылығы, азық-түлік және басқа да өнімдері бар жүк көліктері;
көктемгі дала жұмыстарына, экологиялық, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, соның ішінде ара шаруашылығымен айналысатын тұлғаларға мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, жеке куәлігі, сондай-ақ қызметкерлер үшін жұмыс орнынан анықтама ұсынылған кезде жүруге болады.
Әуежайдың, теміржол вокзалдарының, автостанциялар мен автовокзалдардың қызметі тоқтатылады.