Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

Павлодар және Екібастұзда карантинге жабылған үйлерді 112 полиция қызметкері күзетеді

182 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Коронавирус анықталған жағдайда подъездер жабылып, тәулік бойы жергілікті атқарушы орган, медицина саласының және полиция қызметкерлерінен күзет қойылады. Бұл туралы онлайн баспасөз мәслихатында облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров айтты.

Павлодар және Екібастұзда карантинге жабылған үйлерді 112 полиция қызметкері күзетеді

- Бүгінгі таңда өңірдің бас санитарлық дәрігерінің шешімімен жабылған көп қабатты тұрғын үйлердің  подъездерін және басқа да нысандарды құқық қорғау органының 112 қызметкері күзетеді, - дейді Жасқайрат Қайыров. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен медицина қызметкерлері жұмылдырылған. 16 наурыздан бастап ТЖ режимін бұзғаны үшін 575 адам, карантин жарияланған кезеңнен 388 адам анықталды. Спикердің айтуынша, ТЖ жарияланған кезде бастапқыда отбасылық және еске алу шараларын өткізу фактілері, дәмханалар мен мейрамханалардың жұмысында бұзушылықтар, сондай-ақ дүкендердің иелері мен сатушылары қолғапсыз және маскасыз қызмет көрсеткен болса, карантин кезінде жүргізу құқығынсыз және ешбір себепсіз жүретін көлік жүргізушілері ұсталды.

Спикердің айтуынша, ТЖ жарияланған кезде бастапқыда отбасылық және еске алу шараларын өткізу фактілері, дәмханалар мен мейрамханалардың жұмысында бұзушылықтар, сондай-ақ дүкендердің иелері мен сатушылары қолғапсыз және маскасыз қызмет көрсеткен болса, карантин кезінде жүргізу құқығынсыз және ешбір себепсіз жүретін көлік жүргізушілері ұсталды.

- Карантин кезінде блок-бекеттерден қалаға 27 мыңнан астам көлік өткен және 24 мыңнан астам шыққан, - деді Жасқайрат Қайыров. Екібастұз қаласында да осындай шаралар ұйымдастырылады. Блок-бекеттерде Павлодар қаласы бойынша 110 қызметкер тұрады. Олар отбасынан жеке қонақүйлерде орналастырылған. Сонымен қатар, Екібастұз және Ақсу қалаларында, Аққулы және Май аудандарында орналасқан блок-бекеттердегі қызметкерлерге де осындай жағдай жасалған.

Айта кетейік, күн сайын жолдағы қауіпсіздік пен қоғамдық күзетті қамтамасыз етуге полиция департаментінен 1200-ден астам және Ұлттық ұланнан 200 қызметкер жұмылдырылған.