Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кешкісін тағы алты адамнан алынған сынама оң нәтиже көрсетіп, індет белгісінің бар екенін айғақтаған. Науқастардың бәрі бұған дейін анықталған адамдармен байланыста болғандар екен.
Анықталған індет ошағының бірі Іле ауданында болса, қалған 5 адам Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылынан шығып отыр.