Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Мыңға жуық волонтер еңбек етеді

174 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облысымызда волонтерлер қарттар мен мүгедектерге азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізіп, індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге, блок-бекеттерде тұрған полицейлер мен әскерилерге қолдау көрсетуде.

Мыңға жуық волонтер еңбек етеді

Жастар ресурстық орталы­ғы­ның директоры Арайлым Есім­бе­ко­ва­ның айтуынша, қазір өңірде 1000-ға жуық волонтер түрлі шараларға атсал­ысуда. «Оның ішінде Өске­мен­де – 110, Семейде – 70 адам азық-түлік тасымалымен айналысуда. Олар медициналық маскалар­мен, колғаптармен, қорғаныш кос­­тюм­де­рімен және антисептик­те­рмен толық­тай қамтамасыз етіл­ген. Волон­терлер қатарына қосылғысы келгендер облыстық Жастар ресурс­тық орталығына ха­бар­ласып жатады. Қазіргідей Тө­тен­ше жағдай кезінде волонтерлер талай игі шараларға білек сыбана қатысып жатыр. Атап айтқанда, қарттар мен мүгедектерге ең қажет заттарды үйге дейін жеткізіп беруде. Оларға телефон арқылы тапсырыс берсе болғаны. Байланыс орталығының мамандары өті­ніш­тер­ді 07:00-ден бастап 19:00-ге дейін қабылдайды. Семей мен Өске­мен қалаларына кіру-шығу жол­дары жабылып, блок-бекеттер қойылған. Күн демей, түн демей еңбек етіп жүрген құқық қорғау органдары мен медицина сала­сының мамандарына, әскери қыз­меткерлердің иығына үлкен жауап­кершілік жүктелгені айтпаса да түсінікті. Оларға қолдау көрсету мақсатында шығысқазақстандық жастар «Жылу сыйла» акциясын ұйымдастырды. Сөйтіп 15 волонтер блок-бекеттердегі қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты. Сонымен қатар еріктілеріміз тәртіп сақшыларымен бірге тұрғындарға төтенше жағдай кезіндегі шектеулер туралы түсіндіру жұмыстарын да жүргізген. Шара барысында жүргізушілерге коронавирус инфекциясынан сақтанудың жолдары көрсетілген жадынамалар таратылды. Жақын күндері «Қайы­рым­ды көршілер» акциясын қолға алмақ ойдамыз. Шынын айтқанда, волонтерлер мұқтаж жандардың барлығын анықтай алмайды. Сол үшін халыққа «Өз көшеңіздегі қазы­налы қарттарға, мүгедектерге сіздің көмегіңіз қажет. Егер дү­кен­ге бара жатсаңыз, олардың керек заттарын ала келсеңіз нұр үстіне нұр болады», деп әлеуметтік желілер арқылы бейнероликтер таратып, сауапты іске шақырудамыз. Осындай сын сағатта волонтерлер жұдырықтай жұмылып жұмыс істеуде. Тіпті олардың арасында аз қамтылған отбасыларға қаржылай қолдау көрсетіп жатқандар да бар», дейді ол.

 

Шығыс Қазақстан облысы