Саясат • 21 Сәуір, 2020

Ерекше қамқорлықтың екінші толқыны басталды

1023 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен мұқтаж адамдарға тікелей атаулы көмек көрсетуді көздейтін «Біз біргеміз!» акциясының екінші толқыны бастау алды. Осылайша Jas Otan волонтерлері тағы да 10 000 отбасын азық-түлікпен қамтуды көздеп отыр.

Ерекше қамқорлықтың екінші толқыны басталды

Волонтерлер үлестіретін әр қо­рапта 30 килодан астам азық-түлік бар. Оған бірінші қажет­тіліктегі азық-түлік өнімдері, жарма, макарон, күнбағыс майы және шай секілді тауарлар кіреді. Сондай-ақ азық-түлікпен бірге әр отбасына 50 бетперде табыс­талады.

6

– Акция аясында 10 000-нан астам әлеуметтік осал са­нат­тағы отбасыларды бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнім­дер­мен және бетперделермен қамта­масыз етеміз. Аталған акция ма­мыр айының ортасына дейін жал­ғасады, – деді Jas Otan Жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде Н.Назарбаевтың баста­масымен «Birgemiz» атты қо­ғамдық қор құрылған болатын. Е.Бей­сенбаевтың айтуынша, өткен аптада аталған қор сатып алған 5 млн қорғаныш бетпердесі еліміздегі Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент сынды 3 ірі қала­ның тұрғындарына тараты­лып жатыр. Бүгінде 40 000 отба­сына 2 млн-нан астам бетперде үлестірілді.

Осынау игі іске еліміз бо­йынша 3000-нан астам волонтер  қатысуда. Олар 19 наурыздан бастап 56 мыңнан астам отбасын бі­рінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз етуге көмек көр­сетті. Күн са­йын Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында волон­терлер 1200-ден астам жалғыз­басты зейнеткерді ыстық тамақ­пен қамтып келеді. Сондай-ақ «Bir­gemiz» қоры бүгінде аз қам­тылған 152 000 отбасына 50 000 теңгеден қаржылай кө­мек көрсетті. Осындай мөлшер­дегі қаржылай көмекті қор Нұр-Сұлтан және Алматы қала­лары­ның дәрігерлеріне де берді.