Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда барлық университеттер елімізде төтенше жағдай жарияланған 16 наурыздан бастап қашықтан оқытуға көшкен болатын. Осыған орай студенттермен кері байланыс орнатудың маңызы еселеп артып отыр.
Министрліктің мәліметіне қарағанда, HelpDesk – студенттерді техникалық қолдау және туындаған мәселелерді шешудегі ақпараттық жүй. Аталған жүйе арқылы әр ЖОО-да күніне 30-ға жуық студент жүгінсе, Call-орталықтар тәулігіне 40-қа жуық қоңырау қабылдайды.
Әрбір университеттің Call-орталық нөмірлері көрсетілген файлды мынау жерден жүктей аласыз.