«Алдағы бес жылда 13 аэродром салу көзделіп отыр. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталады. Бүгінгі таңда Үшарал, Үржар, Зайсан сияқты жергілікті әуе желілерінің үш аэродромы жұмыс істейді»,- деді Б. Атамқұлов.
Министрдің айтуынша, Түркістандағы халықаралық әуежайдың құрылысы осы жылы аяқталады.
«Биыл біз Түркістан қаласындағы жаңа халықаралық әуежай мен Шымкент қаласындағы әуежайдың жаңа жолаушылар терминалын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Үржар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңартуды бастаймыз. Қаржы бөлінген жағдайда Өскемен және Үшарал қалаларындағы әуежайлардың тағы екі ұшу-қону жолағын да қайта жаңартуды бастаймыз»,- деді министр.