Сонымен қатар, жаңартылатын энергетика көздері (ЖЭК) бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу ережелері бойынша жеңімпаздар «жасыл энергетиканы қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығымен» 15 жыл мерзімге электр энергиясын сатып алуға шарт жасайды. Сөйтіп, ұлттық компанияда жобаны іске асыру мерзімін өзгерту жөніндегі шешімді орталық егжей-тегжейлі қарастырады. Қазіргі жағдайда коронавирустың кері әсері жоспарланған жобалардың кейінге шегерілуіне себеп болуда.
Станциялардың құрылысын салынатын инвестициялар ағыны италья, қытай, француз, ресей және болгар компанияларынан келіп түскен. Атап айтқанда, бұл жобалар Ақтөбе (Италия), Қызылорда (Болгария), Ақмола (Ресей) облыстарында іске асырылуда. Сондай-ақ, қытайлық инвесторлар Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қостанай Шығыс Қазақстан облыстарында жасыл станциялар салу жоспарлап отыр. Өз кезегінде француздық компаниялар Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарындағы ЖЭК нысандарын салуды көздейді. Қазіргі елдегі ахуалға байланысты бұл станциялардың нақты ашылу күні белгісіз. Десе де, жыл соңына дейін іске қосылады деген жоспар бар.