13 Қыркүйек, 2013

Қауіпсіздіктің алдын алу мәселесі қаралды

292 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Ұлттық қауіпсіздік комитетінде террорға қарсы орталық мүшелерінің екінші кеңейтілген отырысы болып өтті. Жиынға салалық ведомство және бейнежелі арқылы аймақтардағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің басшылары қатысты.

 

Кеше Ұлттық қауіпсіздік комитетінде террорға қарсы орталық мүшелерінің екінші кеңейтілген отырысы болып өтті. Жиынға салалық ведомство және бейнежелі арқылы аймақтардағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің басшылары қатысты.

Отырыста Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев күн тәртібіне қойылған терроризм қаупінің таралуына себеп болатын бірқатар факторларды атап өтті. Бұдан біршама жыл бұрын біз терроризмді жекелеген елдер арқылы білетін болсақ, қазір оның ұғымының өзі бүкіл әлемге кең тарап үлгерді. Нақты айтар болсам, экстремистік және қылмыстық, соның қатарында қарулы топтарды жою бойынша арнайы, жиі түрде бірлескен ондаған операциялар әлденеше рет табысты өткізілді. Дегенмен, дәл қазіргі кезеңде азаматтардың діни сауатын ашу өте маңызды болып отыр. Ол үшін әуелі жас ұрпаққа білім дәнін егетін балалар бақшасындағы тәрбие мәселесіне зейін қоюымыз қажет. Шетелден діни сауатын ашып келетін мамандарымыздың біліктілігіне де зерттеу жүргізген артықтық етпейді. Өйткені, өмір көрінісінен анық аңғарылғандай, басқа діннің жетегіне еріп кетіп жатқандардың 80 пайызы жұмыссыз жүрген жастар. Сондықтан біз және жергілікті атқарушы билік бұл тұрғыдағы мәселеге сергек қарауымыз тиіс, деді Н.Әбіқаев.

Өз кезегінде сөз алған Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Ғалым Шойкин радикалды дінге бой алдырып жүргендердің басым бөлігі жұмыссыздар қатарынан екенін жасырмады.

Әрі сырттан келетіндер теріс ағымдардың таралуына әсер етіп жатқан көрінеді. Шетелдерге теологиялық білім алуға барғандардың да қарым-қабілетін тексеретін кез келіп жетті. Ол осындай мәселелерді көтере келе, алдағы уақытта шетелде діни білім алғысы келетін талапкерлерді Дін істері агенттігінің реттейтінін жеткізді.

Отырыста шығып сөйлегендердің дені азаматтардың діни сауаттылығына ерекше назар аударды. Ол үшін алдымен имамдардың сауатын көтеру керектігі айтылды. Ал еліміз бойынша осы уақыт аралығына дейін 800 имам біліктілік курсынан өткен. Бастысы, бағыты беймәлім шетелдердегі діни оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандықтарды кері қайтару мәселесі қолға алыныпты. Бұл орайда дерекке жүгінсек, соңғы екі жыл ішінде сол жерлерде білім алып жатқан 232 азаматымыз елімізге кері қайтарылған. Қалған 440 азаматты уақыт оздырмай елге әкелу мәселесі қарастырылуы тиіс екен.

Жиында шығып сөйлеген Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов биылдан бастап еліміз мектептерінде «Дінтану» пәні оқу бағдарламасына енгізілгенін атап өтті. Алайда, осы пәннен дәріс беретін ұстаздар жетіспейді екен. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.Әбіқаев осы және жоғарыда көтерілген басқа да мәселелерді жедел реттеу керектігін айтып, жиынды қорытындылады.

Әмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар