Жұқпалы індет инфекциясы Іле ауданының 1986 жылы және 1990 жылы туған тұрғындарынан табылған. Екеуі де бұған дейін анықталған індет ошағымен байланыста болған екен.
Науқастар жедел түрде Қаскелең қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіліп, оқшауланды. Олармен қарым-қатынас жасағандар анықталуда.