13 Қыркүйек, 2013

Мамандар даярлауда сапа қажет

455 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Әлихан Байменовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

12-09-02-1

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Әлихан Байменовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

 

12-09-02-1

Кездесу барысында Ә.Бай­ме­нов Мемлекет басшысына агенттіктің алдағы қызметі­нің негізгі бағыттары мен халық­аралық сарапшылар тарапынан жоғары баға алған мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделінің қалыптасқан аспектілері туралы баяндады.

Қазақстан Президенті мемле­кет­тік қызметті реформалаудың негізгі кезеңдерінің бірі «А» корпусын және тиісті сапалы кадрлар резервін жасақтау екенін атап өтті.

– Осы орайда мемлекеттік қызметшілерді даярлау және біліктілігін арттыру мәселелеріне назар аудару қажет. Облыстарда оның қызметіне жеткілікті қада­ғалау жасамайтын жергілікті әкім­діктерге бағыныстағы мем­лекеттік қызметшілерді оқытудың өңірлік орталықтары бар. Назар аударуды талап ететін тағы бір бағыт – мемлекеттік қыз­метшілерді шетелдерде оқыту және біліктілігін арттыру. Қажетті білім қоры, дайындықтары бар адамдарды жіберудің орнына ол жаққа көбінесе ағылшын тілін білмейтіндер жіберіледі. Осының салдарынан олар материалды игере алмайды және тиісті тәжірибе жинақтай алмайды. Бұл мақсаттарға бюджеттен 170 млн. теңге бөлінген, ал нәтиже жоқ, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев тиісті мамандықтар бойынша даярлауда сапаның қажеттігін атап өтті.

– Бүгінде көптеген жоғары оқу орындарында мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметшілерді даярлау факультеттері ашылуда. Алайда оларда көбінесе экономика мен құқық жөніндегі пәндер оқытылады, ал іс жүзінде мемлекеттік қызмет одан да ауқым­ды мәселелерді білуді қажет етеді. Бұл орайда агенттік Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп пысықтап, жағдайға талдау жасағаны жөн, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы орталық пен жергілікті билік арасында мемлекеттік қызметшілерді ротациялау жөніндегі жұмысты тиімді жүргізудің маңызды екеніне назар аударды.

– Бұл – өте маңызды және жақсы тәжірибе, өйткені, өңірлік сипаттағы мәселелерді білмеген адам орталықта қалайша жұмыс істей алады? Бірақ билік көбінесе жергілікті дайын кадрларды тарту үшін тиісті жағдай жасауға мүдделі емес. Бұл үдерісті жіті қадағалаған жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған қоса, Қазақстан Пре­зи­денті соңғы уақытта өңірлік тәртіптік кеңестердің өз белсен­ді­лігін азайтып алғанын, олардың жұмысын күшейту жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде Ә.Байменов Қа­зақстан Президентін мемлекеттік қызметті одан әрі жаңғырту және саяси қызметшілер санын едәуір қысқарту жөніндегі тап­сырмаларының орындалуы туралы хабардар етті.

– Қазақстанның мемлекеттік қыз­метінің жаңа моделін одан әрі қалыптастыру мақсатында Заң, сондай-ақ, 12 Жарлық және Үкі­мет пен агенттіктің бір­қа­тар нормативтік-құқықтық акті­ле­рі қабылданды. Сіздің нұс­қауы­ңызға сәйкес біз әлемнің жетек­ші елдерінің тәжірибелеріне тал­дау жасадық және бүгінде ха­лық­аралық сарапшылардың пі­кі­рінше, Қазақстанда өзіндік бі­ре­гей мемлекеттік қызмет мо­делі қалыптасты, – деді агенттік төрағасы.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік қызметшілерді оқыту сапасын жақсартуға байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

-----------------------------------------

Суретті түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері күн жылынады

Ауа райы • Бүгін, 17:55