Білім және ғылым министрлігі емтихандарды тапсыру мен дипломдық жұмыстарды қорғау бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірледі. Оның алгоритмі заңнама талаптарына, БҒМ-нің қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөніндегі бұйрығына (2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123), сондай-ақ ЮНЕСКО-ның ұсыныстарына негізделген.
Вице-министр Мирас Дәуленов емтихандарға қатысты студенттерді екі санатқа бөлу қажет екенін айтты, олар – 1,2,3-курс студенттері және биыл оқуын тәмамдайтын түлектер.
Студенттердің бірінші санатына қатысты қиындық жоқ, олар сессияларын тапсырады. Оның 3 жолы ұсынылуда:
- Емтиханды қашықтан тапсыру форматы;
- Пән бойынша бағаны ағымдағы бағаларының негізінде қою;
- «I» (Incomplete) бағасын қою арқылы емтихан тапсыру мерзімін шегеру. Бұл студенттерге емтиханды кейін тапсыруға мүмкіндік береді және оларды оқудан шығарудан қорғайды.
Нақты шешімді әрбір ЖОО академиялық дербестігі аясында өзі қабылдайды.
Ал студенттердің екінші санаты бойынша тапсырылатын емтихан тұуралы бұған дейін жазғанбыз.