Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Атырау: Медицина қызметкерлері қонақүйлерге орналасады

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова №2 Атырау облыстық ауруханасындағы инфекциялық стационардың жұмысымен танысты.

Атырау: Медицина қызметкерлері қонақүйлерге орналасады

– Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, дәрігерлерді «Шағала» қонақүйіне орналастыруға шешім қабылданды. Бұл оларға қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынып отыр. Мұнда 200 медициналық қызметкерге орын бар. Медицина қызметкерлері  COVID-19 инфекциясына қарсы күресте күн сайын науқастарға көмек көрсету үшін аянбай еңбек етуде. Біздің міндетіміз – оларға қиын кезекшіліктен кейін жақсы жағдайда демалуға мүмкіндік жасау, - деді Бақытгүл Хаменова.

«Шағала» қонақүйіндегі жайлы орындарға  60-тан астам дәрігер мен жұқпалы аурулар ауруханасының медбикелері, облыстық аурухананың 70-ке жуық медициналық қызметкері орналасады. Сондай-ақ, ақ халаттыларға «Дана» және «Престиж» қонақүйлерінен де қосымша орындар дайындалған.

– Науқастармен байланыста болатын дәрігерлердің қауіпсіздігі үшін аурухана ғимаратын таза және лас аймақтарға бөлу қажет. Бейнебақылауды қамтамасыз ету мақсатында өңір ауруханаларында  100-ге жуық камера орнатылған. Басты талап – камералар санын арттыру. Сондай-ақ, республикалық бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін басқа да бағыттарды күшейту қажет, - деді Бақытгүл Хаменова.

Оның айтуынша, Президенттің тапсырмасына сәйкес медицина қызметкерлерін қолдау Атырау облысында да жүзеге асырылуда. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеп жатқан барлық дәрігер үстемақыны толық көлемде алды.

 

Жолдасбек Көшербайұлы

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35