13 Қыркүйек, 2013

Заң жобасы таныстырылды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжілісте Денсаулық сақтау министрлігі халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесіне қатысты заң жобаларының таныстырылымын өткізді. Отырысқа Палатаның Әлеуметтік-мә­дени даму комитетінің төр­айымы Дариға Назарбаева қатысты, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Заң жобасымен парламент­ші­лерді министрліктің жауапты хатшысы Серікбол Мусинов таныстырды. Заң жобасын әзірлеуге Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, «Нұр Отан» ХДП мен «Атамекен» ҰЭП өкілдері белсене қатысты.

Жобаның негізгі ережелері: денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқаруды жетілдіруге; халық денсаулығын нығайтуға, саламатты өмір салтын жүргізуге; денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарының әлеуетін арттыруға; дәрі-дәрмек саясатын жетілдіруге бағытталған.

Заң жобасының негізгі мақ­саты медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, қолданыстағы заңнаманың олқылықтарын жою және ха­лықаралық стандарттарға сәйкес келтіру болып табылады.

Заң жобасы бойынша жұ­мыс тобының жетекшілігіне Н.Петухова бекіді. Енді депутаттар аталған заң жобасын жұмыс тобында талқылайтын болады.

Соңғы жаңалықтар