Қоғам • 22 Сәуір, 2020

Болат Жәмішев әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы болып сайланды

2885 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экономист Болат Жәмішев әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Болат Жәмішев әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы болып сайланды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалының мәліметіне сүйенсек, бұған дейін кеңеске Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жетекшілік етіп келген.

Болат Жәмішев әр жылдары Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі төрағасы, Қаржы министрі, Өңірлік даму министрі, «Қазақстанның даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ экономист Жақсыбек Күлекеев пен «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары, қаржыгер Юлия Якупбаева Қордың тәуелсіз директорлары болып сайланды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта кеңеске тәуелсіз директорлар - Ораз Жандосов, Гинтарас Кацявичюс, Жақсыбек Күлекеев, Юлия Якупбаева, Болат Бәбенов, сондай-ақ кеңес мүшелеріне - Елжан Біртанов, Берік Шолпанқұлов және Айбатыр Жұмағұлов енген.