Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтанда азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жазаланды

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке бағаны негізсіз көтергені үшін «Interfood», «ВкусМарт», «Встреча» супермаркеттерінің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл көлемі 100 АЕК (265 мың 100 теңге) құрайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және санитарлық нормаларды сақтау бойынша әкімдіктің мобильдік топтары, прокуратура мен монополияға қарсы органдардың қызметкерлері бірлесіп рейдтер жүргізіп жатыр.

Нұр-Сұлтанда азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жазаланды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу, қаладағы карантин және төтенше жағдай режимі кезінде санитарлық нормаларды сақтау бойынша шаралар кешенін қабылдады. «Айналым схемасы» жобасына «Magnum», «Астықжан», «Кенмарт», «Small», «Шапағат», «Евразия», «Артем», «Биг Шанхай» сияқты сауда орындары қатысады.

Елде мынадай тауарларға шекті бағалар белгіленді: бірінші сортты бидай ұны, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), рожки (өлшеніп салынатын), қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), тауық жұмыртқасы (I санатты), күнбағыс майы, ас тұзы («экстра»-дан басқа).

Супермаркеттерде, дүкендерде арнайы белгілер орнатылды, сатып алушылар арасындағы арақашықтық 1 метр болуы қажет. Міндетті түрде кезек сақталуы керек. Санитайзерлер орнатылды. Барлық азық - түлік нысандары санитарлық нормаларды қатаң сақтауға міндетті. Тәртіпбұзушылық фактілері анықталған жағдайда айыппұл салынып, нысан жұмысын тоқтатады.