13 Қыркүйек, 2013

Елшімен кездесті

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Алдыңғы күні Қазақстан Респуб­ли­касы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Қазақ­станда дипломатиялық қыз­метін аяқтаған Америка Құрама Штаттарының ел­шісі Кеннет Фэйрфакспен кез­десті, деп хабарлады Сенат­тың баспасөз қызметі.

Сенат Төрағасы Қазақстан-Америка қатынастарын нығайтуға қосқан үлесі үшін елшіге алғыс айтып, кәсіби қызметінде одан әрі табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.

Қ.Мәми Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестіктің одан әрі дами түсуі аймақтық тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікке үлес қосатынына сенім артты.

Кездесуде Қазақстан мен АҚШ ара­сындағы парламентаралық ын­тымақтастық деңгейі арта түс­кені атап өтілді. Өткен жылы аме­рикалық конгресшілер Астанаға келіп, қазақстандық сенаторлар Вашингтонға сапармен барды.

Соңғы жаңалықтар