Қаржы • 22 Сәуір, 2020

Tengri Bank-тің халықаралық рейтингі төмендеді

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Moody's Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі 20 сәуірде «Tengri Bank» АҚ жергілікті және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттік рейтингін B2 деңгейінен Caa3-ке дейін төмендетті. Банктің кредит қабілеттілігінің базалық бағасы (BCA) b3-ке дейін, контрагент тәуекелінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді бағалары (CRA) Caa2-ге дейін төмендеді.

Tengri Bank-тің халықаралық рейтингі төмендеді

Moody's агенттігі рейтингтің төмендеуіне түсініктеме бере отырып, жағдай тұрақтанып, Банк барлық қаржылық міндеттемелерді толық көлемде және уақтылы орындауды жалғастырғаннан кейін Банк рейтингі қайта қаралуы мүмкін екенін атап өтті. Одан әрі, Банк өтімділікті айтарлықтай нығайту бойынша шаралар қабылдағаннан, акционерлер тарапынан қолдау көрсетілгеннен кейін рейтинг Саа3 белгісінен арттырылатын болады.  Рейтингтің төмендеуіне қарамастан, Банк жағдайды тұрақтандыру жұмыстарын жалғастыруда.

Банк әлемдік қаржы нарығындағы қалыптасқан жағдайға байланысты шектеулі режимде жұмыс істейді, бұл белгілі бір дәрежеде Банктің клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін орындауына әсер етуде.

«Tengri Bank» АҚ елдегі төтенше жағдай кезінде өз қызметін жүзеге асыруда және осы мәселелерді реттеушімен және акционерлермен, оның ішінде негізгі акционер - Punjab National Bank-пен талқылауды қоса алғанда, өтімділікке байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Жақын арада Банк барлық процесстерінің үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып, өзінің операциялық қызметін қалпына келтіруді, төлемдер мен аударымдарды жүргізуді жалғастыруды жоспарлап отыр.

«Tengri Bank» АҚ өз клиенттерін оқиғалардың дамуы туралы ақпараттандыруды жалғастыруда және әрдайым байланыс орталығының 3434 нөмірі бойынша (қоңырау шалу тегін) байланыста болады.