13 Қыркүйек, 2013

Палатаның күн тәртібі нақтыланды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

876619 мажилисКеше палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс бюросында жалпы отырыста қаралатын мәселелер белгіленді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Кеше палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс бюросында жалпы отырыста қаралатын мәселелер белгіленді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Палата отырысында депутаттардың қарауына Тәуелсіз Мемлекеттер Достасты­ғы­на қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартын ратификациялау туралы заң жобасы шығарылады.

Күн тәртібінің жобасына Қазақстан- Корея Республикасы үкіметтері арасындағы Балқаш жылу электр стансасына қатысты келісімге түзетулердің хаттамасын ратификациялау туралы заң жобасын талқылау енгізілді.

Палатаға бірқатар жаңа заң жобаларына қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылау ұсынылды. Олар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заң және сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелеріне қатысты түзетулер.

Осы топқа басқа да қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылауды қажет ететін заң жобалары қосылады.

Соңғы жаңалықтар