Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен «ЮжКаз ТрансСервис» ЖШС-ның тауарлық газды газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдау қызметінің тарифі төмендетілді.
Аталған шара бекітілген тарифтердің қолдану мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес іске асырылды.
Тариф 1000 м3 1286,88 теңгеден 920,42 теңгеге немесе 28,5% төмендетіліп, 2020 жылдың 1 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент