Онлайн жиналысқа Алматы қаласының Іскерлік кеңесіне кіретін «Атамекен» ӨКП, банк секторы, даму институттары, өндірістік және сауда компанияларының басшылары қатысты.
Кездесу барысында Exit Strategy аясында жүзеге асырылатын қаланың экономикалық белсенділігін қалпына келтірудің кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жоспары жан-жақты сөз болды.
Сонымен қатар, Алматыда орналасқан отандық тауар өндірушілердің жеке қорғану құралдарын, оның ішінде медициналық бетперделер мен қорғаныш костюмдерін дайындауға қатысу мәселелері көтерілді.