13 Қыркүйек, 2013

Бейнеттен шынығып, зейнеттен тыныққан ардагер Оңласын Қарабайұлының өмір жолы жас ұрпаққа өнеге

301 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Біздің құлағымыз естіп, көзі­міз көрген «соғыстан кейінгі буын» дейтұғын бір қара нардай қайыспас қайсар ұрпақ бар. Олардың жасы да қазір 70 пен 80-нің төңірегіне жуықтап қалды. Бұл буын өмірдің ыстығы мен суығын әбден сезініп, еңбекте шыңдалып, пісіп қатқан буын. Тағдырдың ауыртпалығын көп көргендіктен бе жүректері мейірім мен адалдыққа толы. Жалғандық пен жауыздыққа жандары қас. Еңбек етсе маңдайдың терін, білектің күшін аямайды. Осындай нар тұлғалы азаматтардың бірі Оңласын Қарабайұлы.

 

Біздің құлағымыз естіп, көзі­міз көрген «соғыстан кейінгі буын» дейтұғын бір қара нардай қайыспас қайсар ұрпақ бар. Олардың жасы да қазір 70 пен 80-нің төңірегіне жуықтап қалды. Бұл буын өмірдің ыстығы мен суығын әбден сезініп, еңбекте шыңдалып, пісіп қатқан буын. Тағдырдың ауыртпалығын көп көргендіктен бе жүректері мейірім мен адалдыққа толы. Жалғандық пен жауыздыққа жандары қас. Еңбек етсе маңдайдың терін, білектің күшін аямайды. Осындай нар тұлғалы азаматтардың бірі Оңласын Қарабайұлы.

Оңласын Қарабайұлы екінші дүние­жүзілік соғыстың қызып тұрған кезінде 1943 жылы Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы Көктал ауылында өмірге келген. Кейіпкеріміздің балалық балғын дәурені соғыстан кейінгі қайнаған қызу еңбектің дүрбелеңімен тұспа-тұс келді. Әке мен шеше таң бозарып атқаннан қас қарайғанға дейін колхоздың бітпейтін мимырт тірлігімен жүреді. Бүгінгідей әр баланы жеке күтушімен бағып, байыптап отыратын кезең ол емес. Сол дүбірмен жүріп анасының кенептен тігіп берген дорбасын арқалап, біздің Оңкең де туған ауылындағы мектеп табалдырығын аттайды. Одан бесіншіден жетінші сыныпқа дейін 3-4 шақырым қашықтықтағы Құмжота ауылына жаяулатып барып жүріп білім алады. Жетінші сыныптан кейін Жамбыл қаласына барып оқуын жалғастырып, орта мектепті тәмамдайды. Сол кездегі мұғалімдердің қарапайым, қанағатшыл, өз ісіне адалдығы жас буынның шыншыл да турашыл азамат болып өсуіне игі әсер еткен. Оңкең балалықтан өтіп бозбала дәуренге аяқ басқанда әкесі Есіркеп о дүниелік болады. Шиеттей төрт баламен анасы Мейізкүл жесір қалады. Үйдегі төрт баланың үлкені Оңласын болатын. Ол қисайған шаңырақтың бір жағын көтерісуге анасына барынша жәрдемші болуға тырысады. Өзінен кейінгі үш қарындасы бұл кезде әлі сарыауыз балапан еді. Осылайша ол жастықтың жалынды кезеңін сауық құрып қыдырумен емес, еңбектің кіл майданында өткізеді. «Жетім қозы тасбауыр, маңырар да отығар» дегендей орта мектептің соңғы сыныптары кезінде Оңкең кәдімгідей есейіп, буыны бекіп шығады. Себебі өзінен басқа сенері жоқ екендігін ет жүрегімен сезінеді.

Оныншы сыныпты бітірген Оңласынның бар арманы ұстаз болу еді. Дәл сол кезеңде мұғалімнен ардақты, мұғалімнен сыйлы, қадірлі ешкім жоқ еді. Осылайша тәтті арманның жетегімен Алматыға аттанады. Бірақ бұл сапардан жолы болмаған ол Жамбыл облы­сындағы Байзақ ауданының Еңбек бөлімшесіне барып бастауыш сыныпқа мұғалім болады. Мұнда бір жылдай ұстаздық етеді. Бірақ білімге құштар жас өрен ауылда тұрақтап қала алмайды. Салып ұрып Жамбыл қаласындағы Жеңіл және тамақ өнеркәсіп технологиялық институтына барып оқуға түседі. Бір қызығы бір айдан кейін Оңласынды армия қатарына шақырып, үш жылын қасиетті Отан қорғауға арнайды. Ол әскерде жүріп партия қатарына қабылданып, коммунист болып елге оралады. Оқуына қайта келген оны институт ұжымы факультеттегі комсомол ұйымына хатшы етіп тағайындайды. Сонымен жалақы төленбейтін «комсомол хатшысы» дейтұғын ешқашан таусылмайтын ала шапқын тірлікке араласады да кетеді. Бір жылдан кейін институттың комсомол хатшысының орынбасары болып бекітіледі. Ол кезде жастардан құрылған құрылыс отряды деген болады. Сол жастардың көшін бас­тап жаз айларында құрылыс жұмыстарына белсене араласады. Бұл жұмыс Оңкеңді біраз шынықтырып, есейтіп тастайды. Себебі, ол кездері комсомолдың қатыспайтын шарасы, оның бармайтын жиыны жоқ еді. Жастармен жұмыс істеп, партияның талай тапсырмасын шашаусыз орындап ысылған жігіт ағасы орда бұзар отызға келгенде Алматыдағы партия мектебінде екі жыл дәріс алады. Теориялық ілімді игеріп қайтқан оны басшылық Жамбыл қант зауытының партия хатшылығына тағайындайды. Бұрынғы студенттермен салыстырғанда мұндағы жұмыстың жөні басқа еді. Нағыз қайнаған еңбек майданын осы кезде сезінеді. Бұдан кейін ол Жам­был қаласындағы Завод аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, Жамбыл қалалық партия комитетінің ұйым­дастыру бөлімінің меңгеру­шісі, Жамбыл обкомының жауапты ұйымдастырушысы қатарлы қызме

Соңғы жаңалықтар