14-18 қыркүйекте Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданы Гансу провинциясының Ақсай ауданында қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді. Оған жиырмаға жуық елдің құрамалары қатысады деп күтілуде. Жақында біз осы байрақты бәсекеге байланысты Дүниежүзі қазақ күресі федерациясының президенті, «Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі» РММ директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Серік ТӨКИЕВПЕН кездесіп, әңгімелескен едік.
14-18 қыркүйекте Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданы Гансу провинциясының Ақсай ауданында қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді. Оған жиырмаға жуық елдің құрамалары қатысады деп күтілуде. Жақында біз осы байрақты бәсекеге байланысты Дүниежүзі қазақ күресі федерациясының президенті, «Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі» РММ директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Серік ТӨКИЕВПЕН кездесіп, әңгімелескен едік.
– Серік Адамұлы, биылғы Азия чемпионаты Қытайда өтеді екен. Осы додаға дайындықтарыңыз қалай?
– Бұл – саны жағынан 9-шы Азия чемпионаты. Оған 20-ға жуық елдің балуандары қатысады. Биылғы чемпионатты Қытай өз мойнына алды. Оған өздері де жақсылап дайындалып жатыр екен. Мәселен, командалардың тамақтануын, жатын орындарын бәрін-бәрін өздері көтеретіндерін айтты. Қазір Қытайда қазақ күресіне зор мән беріліп жатыр. Биыл өздері де федерация ашып алды. Ал Азия чемпионатына үш команданы шығарайын деп отыр. Сонымен бірге, осы жылдың қараша айында Германияда қазақ күресінен әлем чемпионатын өткізу жоспарлануда. Ол 11-15 қараша күндері Мюнхеннен 80 шақырым жердегі Ален деген қалада өтеді. Бұл бәсекеде 17-18 жастағы және ересек балуандар күш сынасады. Одан кейін Алматыда не Таразда Әлем кубогын өткізуді жоспарлап отырмыз. Жыл соңында Астанада Абылай ханның 300 жылдығына байланысты үлкен халықаралық турнирді өткізу жоспарда бар.
– Бұл жарыстарға Бейбіт Ыстыбаев пен басқа да балуандар қатыса ма?
– Бейбіт Ыстыбаев қатыса алмайды. Ал басқа балуандар іріктеуден өтсе, әрине, қатысады. Жақында біз Бейбіт Ыстыбаев пен Ержан Шынкеевке және үш төрешіге шара қолдандық. Федерация отырысында Ержан Шынкеевті 2 жылға, Бейбіт Ыстыбаевты 1 жылға жарыстардан шеттеттік. Сондықтан ол Азия, әлем чемпионатына қатыса алмайды. Бұл «Қазақстан барысы» турнирінде балуандарымыздың істеген әрекетіне байланысты жасалды. Үш төреші де келесі жылы «Қазақстан барысына» төрелік етпейді. Бұл, біздіңше, дұрыс шешім болды деп ойлаймын. Енді күреске өзгерістер енгіземіз. Сол ережелерге байланысты балуандарымыз күреседі.
– Жақында ХОК күрес түрлерін Олимпиада бағдарламасына қалдырғанын білеміз. Бұл біздің грек-рим, еркін күрестеріне ғана емес, қазақ күресі үшін де үлкен қуаныш. Осыған байланысты пікіріңізді айтсаңыз.
– Бұл оқиға, спорттың ішінде жүргеннен кейін, бізге үлкен қуаныш деп айтуға болады. ХОК Олимпиада бағдарламасынан күрес түрлерін қызықсыз болып бара жатқаннан кейін алып тастағысы келгенін білеміз. Енді күрестің ережелері өзгереді деп ойлаймыз. Жалпы, күрес түрлерінің Олимпия ойындарында қалғаны өте маңызды. Бұл біздің қазақ күресіне де байланысты. Өйткені, болашақта біз төл күресімізді алдымен Азия ойындарына, одан кейін Олимпиада бағдарламасына енгізуді мақсат етіп отырмыз. Біздің күрес әлемдегі ең таза және қызықты да тартысты күрес. Біздің күресте партер деген жоқ. Сосын оның ережелері мен тәсілдері кез келген балуанға ыңғайлы. Сондықтан біз болашақта төл күресімізді дамытуға одан әрі жұмыс істей беретін боламыз. Қазіргі кезде қазақ күресінен 40-қа жуық елде фед