Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Ертіс» технологиялық ғылыми орталығының атқарушы директоры Жұмабек ОМАРОВПЕН әңгіме
Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Ертіс» технологиялық ғылыми орталығының атқарушы директоры Жұмабек ОМАРОВПЕН әңгіме
– Жұмабек Мұхтарұлы, жуырда өзіңіз басқаратын орталықта еліміздің энергетикалық дамуына үлес қосатын өңірлердің алдағы жылдардағы атқарар жұмыстарына арналған ғылыми-тәжірибелік жиын болып өтті. Одан түйер қорытындыңыз қандай?
– Тақырыбының өзі айтып тұрғанындай, жиында энергия, қуат көздерін үнемдеу, болашақта елімізде қандай энергетиканы қолдануымыз керек, электр стансаларының қоршаған ортаға зиянсыз жұмыс жасаулары, экологиялық проблемалардың қалай алдын алуға болады деген сұраққа жауап іздедік. Қазір еліміз 80 пайыз энергияны көмірден, «қоңыр энергетикадан» алып отыр. Ал, болашақта біз жел, су, күн энергиялары арқылы экологиялық таза қуат көздерін алуға қол жеткізуіміз керек. Еліміздегі электр стансаларын газбен жұмыс жасауға көшіру де қоршаған ортаны ластамау, экологияны сақтау, таза энергияны пайдалану талаптарына сай болар еді. Экологиялық қолайлы энергия ресурстарын пайдалана отырып, өз жерімізде электр энергиясын өндіретін қуатты гидравликалық және жел күшiмен істеуші электр стансаларын салатын уақыт келді. Елімізде қабылданған «жасыл» экономиканы дамыту бағдарламасы, Астанада ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің өтуі осы бағыттағы ғаламдық жұмыстарды жолға қоюуға септігін тигізеді. Ең бастысы, жаңартылатын энергия қорлары негізінде экспорттық жүйе құрылады, қаржы үнемделеді, өндіріс дамиды, жұмыс орындары пайда болады, жабдықтарды жеткізу шығындары азаяды. Жел энергиясы, желдің қуаты еліміздің барлық өңірлерінде бар. Былай қарасаң, еліміздегі жел қуаты далаға кетіп жатқандай. Елімізде желдің қуатын еуропалық елдерге қарағанда үш есе көп алуға болады. Еуропада қазіргі уақытта жел энергиясы жоғары қарқынмен дамуда. Өйткені, олар жел турбинасын өздері жасап шығаруда.
– Осындай ғаламдық мәселелерді жергілікті университеттің технопаркі қолға алып жатқаны қуантарлық екен...
– Осыдан он жылдай уақыт бұрын университеттің бұрынғы ректоры, қазіргі облыс әкімі Ерлан Арынның бастамасымен оқу орнында технологиялық парк құрылды. Мақсат университеттегі барлық инновациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарының басын қосып, олардың нәтижелерін өндіріске, оқу барысына енгізуді жүзеге асыратын Павлодар-Екібастұз-Ақсу аймағындағы өндіріс орындары мен университет арасында тиімді байланыс орнатуды қамтамасыз ету болды. Инновациялық және өнертабыс бойынша бүкіл республикалық ақпараттық кеңістікті қалыптастыру ісіне университет те қатыса алады. Технопарктің құрамында ғылыми-техникалық кеңес, сараптау орталығы, студенттік ғылыми орталық, көрме залдары, жобалау орындары, металлургия, машина жасау зертханалары бар. Қазір біздің еліміз технологиялық орталықтар желісін дамытуды қолға ала бастады. Бұл жүйенің қалыптасуына назар аударылуда. Елімізде индустриялық-инновациялық даму стратегиясы бекітілді. Бұл еліміздің ұлттық инновациялық жүйесін жасаудағы мемлекеттің айқын бір бағдарламасына айналды. Облысымыздың өндірісті өңір екені белгілі. Жалпы, өндіріс тұтқасы болып саналатын металлургия, энергетика, машина жасау салалары үлкен басымдыққа ие. Өңірдің бұрыннан келе жатқан индустриялық жолын жалғастырып, бұл күндері Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында жаңадан өндіріс орындары ашылуда. Сондықтан технологиялық-ғылыми орталық құрудағы мақсат та өндірісі сан-салалы өңірдегі экономиканың тұрақты дамуына, кәсіпорындар мен жоғары оқу орны арасында екіжақты байланыс жасау, өндірістің өркендеуіне әсер ететін ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру, білікті мамандар даярлау, оларды қолдау.
– Ғылыми-технологиялық орталықтың алдына қ