Өнер • 23 Сәуір, 2020

Абай әндері ұлттық музыкалық аспаптарда шырқалады

270 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау және таныту мақсатында акция бастады. Аталған шаралар қазақтың ұлы ойшылының 175 жылдығын тойлау аясында #Абай175, #1МАМЫР #Birlikkuni, #BizBirgemiz хэштегтері бойынша өтеді.

Абай әндері ұлттық музыкалық аспаптарда шырқалады

Бұл челленджге Нұр-Сұл­­тан қаласындағы өзбек этномәдени орталығының өкіл­дері алғаш болып қолдау білдірді. Олар Абайдың «Кө­зімнің қарасы» әнін қазақ тілінде өзбек ұлттық музы­калық аспабы рубобтың сүйе­мелдеуімен орындады. Өзбек мәдени бірлестігінің өкілі Нуриддин Молдабаевтың айтуынша, қашғар рубобы ең танымал аспаптардың бірі саналады. Жыл сайын елордада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай түрлі концерт, ауқымды акция мен ме­ре­келік шара өтеді. Алай­да би­­ыл Нұр-Сұлтан қала­сын­да коронавирус инфекция­сы салдарынан карантин жа­рияланғандықтан, мерекелік ша­ралардың форматын өзгерту туралы шешім қабылданды. Іс-шараларды онлайн-режімде өткізуге ерекше назар аударылып отыр. «Бүгінде елордада 130-дан астам өзге ұлт өкілі тұра­ды. Қалада 23 эт­но­мәдени бір­лестік бар. 12 жек­­­­сенбілік мектеп жұмыс іс­тейді және олардың саны жыл сайын артуда. Елордалық этномәдени бірлестіктер жа­­­ңа шығармашылық бас­та­малармен және түрлі іс-шаралармен ерекшеленеді. Қазақстан халқының бір­лігі күні қарсаңында біз әр­түр­лі этностың ұлттық му­зы­калық аспаптарын на­сихаттау акциясын өткіздік. Ка­ран­тинде музыка арқылы елі­міз­дегі ұлтаралық келісім мен бейбітшілікті нығайту үшін барлық этностың шы­ғар­машылығын жеткізгіміз келеді», деді Нұр-Сұлтан қа­­лалық Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайы­нова.

ҚХА қалалық хатшылығы елорда тұрғындарын акцияға белсенді қатысып, әр халық­тың музыкалық аспаптарын біліп, тарихымен танысуға және Абайдың әнін бірлесе орындауға шақырады. Қа­зақ­стан Республикасының Тұңғыш Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төр­ағасы Н.Ә. Назарбаевтың төр­ағалығымен елімізде Қазақ­стан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған шаралар өтуде.