13 Қыркүйек, 2013

Инвестициялық жобалар орындалуымен мәнді

284 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов Қызылжар өңірінде болған жұмыс сапарында коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламаларды орындау барысына ерекше назар аударды. № 2 жылу орталығының директоры Виктор Бармин қайта жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілген №8 қазандық агре­гатының жұмысымен таныстырды. Жалпы құны 4,6 миллиард теңгені құрайтын қондырғының бір сағаттық қуаты 270 тоннаға дейін артқан.

 

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов Қызылжар өңірінде болған жұмыс сапарында коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламаларды орындау барысына ерекше назар аударды. № 2 жылу орталығының директоры Виктор Бармин қайта жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілген №8 қазандық агре­гатының жұмысымен таныстырды. Жалпы құны 4,6 миллиард теңгені құрайтын қондырғының бір сағаттық қуаты 270 тоннаға дейін артқан. Енді мұнда № 4 турбинаны монтаждау жалғасуда. 2015 жылға таман ескірген құрал-жабдықтардың 35-40 пайызын жаңалау көзделіп отыр. «Петропавл жылу желілері» ЖШС-да жылу жүйелерінің тозуы 70 пайызды құрайды. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде биыл 7,9 миллион теңгеге құрал-жабдықтар сатып алу, 182,4 миллион теңгеге техникалық қайта жарақтандыру жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 34 магистральды және тарату желілері учаскелері күрделі жөндеуден өткен. «Қызылжар су» ЖШС-да агенттік төрағасының қатысуымен баспасөз туры ұйымдастырылды. Онда директордың міндетін атқарушы Сергей Визеров кәсіпорын активтерін жаңғырту жайлы мағлұмат берді. Жаңа қондырғыларды орнату барысында айына бір миллион теңгенің тіршілік нәрі үнемделетін болыпты.

Бұдан кейін «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалында «Ашықтық –тарифтік саясаттың басым бағыты» атты дөңгелек үстел өтіп, оған еңбек ардагерлері, бизнес саласы, үкіметтік емес ұйым өкілдері, мәслихат депутаттары қатыстырылды. Онда бағаны қолжетімді ету, монополистер қызметін оңтайландыру, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығының іс-қимылын жетілдіру, инвестициялық міндеттемелерді орындау, нарық субъектілері мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу бойынша салиқалы пікірлер алмасылды. Жиынға қаты­су­шылар тариф белгілеудің ашықтығын, мөлдірлігін, реттелетін секторларды жаңғырту, энергия және ресурс үнемдеу бағдарламасын, «жасыл эко­номикаға» көшу қадамын қолдады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар