Руханият • 23 Сәуір, 2020

Алматылық студенттер Еуразия Жазушылар одағының төрағасымен дидарласты

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері «100 кітап» жобасын табысты жүзеге асыруда. Жоба аясында іргелі оқу ошағы өз шәкірттері үшін танымал ақын жазушылармен  шығармашылық кездесу өткізу дәстүрін қалыптастырды. Бұл игі дәстүр карантин кезінде де тоқтаған жоқ.

Алматылық студенттер Еуразия Жазушылар одағының төрағасымен дидарласты

ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен бірге «100 кітап» жобасы аясында Еуразия Жазушылар одағының төрағасы, Еуропа ғылым, өнер және әдебиет академиясының мүшесі, Гази университетінің оқытушысы, жазушы Якуп Өмероғлумен онлайн жүздесу өткізді.

«Халықаралық әдеби байланыстар және мәдени дипломатия» тақырыбында өрбіген  онлайн шараға Институт қызметкерлері мен ҚазҰУ оқытушылары, студенттері, магистранттары және докторанттар қатысты. Онлайн байланыс барысында қазіргі заманғы мәдени кеңістіктегі әлем және қазақ әдебиетінің дамуы мен басты бағыт-бағдарлары, сондай-ақ, шығармашылық интеграция, студенттердің кітап оқуға қызығушылығын ояту мәселелері талқыланады.

Әлем әдебиетінің қазіргі беталысы, әдебиет пен тарихи мұраларды өзара сабақтастыру сынды ауқымды мәселелер қаузалған дидарласудан болашақ тілші ғалымдар жақсы әсер алды.