Биылғы жылы республикалық инновациялық бизнес-жобалар «NIF$50K» байқауына қатысуға өтініш білдіргендер саны рекордтық көрсеткішке жетті. Өткен жылы байқауға қатысуға барлығы 298 өтініш келіп түскен болса, биыл бұл көрсеткіш 26%-ға көбейіп, 376-ға жетті.

Байқау барысында келіп түскен өтініштердің 19,1%-ы ауыл шаруашылығы, 11,4%-ы өнеркәсіп, 10,6%-ы ақпараттық технологиялар және 8,5%-ы энергетика саласына тиесілі. Ең аз қамтылған салалар экология – 0,5%, фармацевтика – 0,5%, металлургия – 0,8%.
Байқау шартына сәйкес, келіп түскен барлық өтініштерден 15 үздік жоба таңдалып алынады. Бұл жобалардың авторлары «Инновациялық форсаж» телешоуына қатысатын болады. Бағдарлама шеңберінде әр өтініш беруші өзінің идеясын қорғай отырып, жобасының шынайы жүзеге асу мүмкіндіктерін көрсетеді. Сарапшылардың дауыс беру қорытындысы бойынша байқау жеңімпазы – 7,5 млн. теңге, ал 2 және 3 орын иегерлері 2,5 және 1 млн. теңге көлеміндегі грантқа ие болады.
«Егемен-ақпарат».