13 Қыркүйек, 2013

2013 жылғы тамызда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 19 351 теңгені құрады

221 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 5,9%-ға, 2012 жылғы тамызбен салыстырғанда 7,3%-ға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,8%, жемістер мен көкөністерді – 16,4%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 14%, нан және жарма өнімдерін – 6,9%, қант, шай және дәмдеуіштері 1,9%-ды құрады.

теңге

Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда

0-13 жастағы балалар

14-17 жастағы жасөспірімдер

18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық

Зейнет-керлер мен қарт адамдар

жас жігіттер

қыздар

ерлер

әйелдер

Күнкөрістің

ең төменгі деңгейінің шамасы

19 351

17 087

24 065

18 437

22 736

18 041

17 879

Азық-түлік тауарлары

11 611

10 252

14 439

11 062

13 642

10 824

10 727

Азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер

7 740

6 835

9 626

7 375

9 094

7 217

7 152

Әдіснамалық түсініктемелер

Ең төменгі күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі

Соңғы жаңалықтар