13 Қыркүйек, 2013

Құрлықтық көкпар: екінші күн

288 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Астана маңындағы «Қазанат» атшабарында көкпардан өтіп жатқан Азия чемпионаты одан әрі жалғасты.

к34

 

к14

к34

к1

Кеше Астана маңындағы «Қазанат» атшабарында көкпардан өтіп жатқан Азия чемпионаты одан әрі жалғасты.

Осы күні апта басынан бергі елорданың түнерген аспаны ашылып, халық көкпар тартқан жігіттердің өнерін тамашалауға көп жиналды.

Қазіргі таңда осы ұлттық ойынымызды халық арасында кеңінен насихаттау, саламатты өмір салтын қалыптастыру және ойынның техникасы мен шеберлігін мең­ге­руге жастарымыздың қызығу­шы­лығын ояту аса маңызды болып отыр. Осы орайда елімізде ха­лық­аралық, республикалық жарыс­тарды ұйымдастырып келе жат­қан Ұлттық спорт түрлері қау­ым­дастығының жұмысы мен қызметін ерекше атап өткеніміз жөн. Ұлттық спорт түрлерінен мұндай халықаралық жарыстар өткізудің басты мақсаты – қазақтың бай рухани мұрасын жаңғырту және насихаттау.

Кеше Азия чемпионатының екінші күні де қызықты және тартысты өтті. Сары құрлық бәсекесінің фавориттері – Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары көпшілік күткендей, кезекті ойындарында жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы Ресей командасын 16:1 есебімен, ал Алатаудың ар жағынан келген айыр­қал­пақты ағайындар Түр­кия­ны 16:3 есебімен ұтты. Осы күні Тә­жікстан құрамасы да ал­ғаш­­қы ұпайларын санап алды. Олар Моң­ғолия көкпаршыларын 8:1 есе­­бімен жеңсе, алғашқы ұпай­ларына ие болған Қытай командасы да Өзбекстаннан 6:4 есебімен ба­сым түсті.

Бүгін ойындар одан әрі жал­ға­са­ды. Ал ертең чемпионаттың жартылай финалы өтсе, жексенбі күні командалар өзара Азия чемпионын анықтайды.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар