Экономика • 23 Сәуір, 2020

Кәсіпорындарға 6%-бен несие беріледі

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Шыңғыс Ахметов мәлім етті

Кәсіпорындарға 6%-бен несие беріледі

Төтенше жағдай кезінде бизнес саласын қолдау аясында мемлекет «Даму» қоры арқылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпорындарға жылдық 6%-бен несие беретін болады.

Сонымен қатар, Үкімет әйел адамдар құрған шағын және орта бизнес (ШОБ) кәсіпорындарының өсуін ынталандырмақ.

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бағдарламасы Азия даму банкі мен Еуропа қайта құру және даму банкінің тартылған қаражаты шеңберінде іске асырылуда. Сондай-ақ, бизнесті қаржыландыруға ислам қаржыландыру бағдарламасы арқылы қаражат тартылуда. Қаржы шариғат қағидалары бойынша өз бизнесін дамытуға ниетті кәсіпкерлерге беріледі.

Оған қоса, ШОБ үшін міндетті төлемдер мен салықтардың көптеген түрлері бойынша мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл карантин режимінен шығу кезеңінде және одан әрі табысты даму үшін бизнеске түсетін жүктемені азайту мақсатында жасалуда.