Американдық Oracle бағдарламалар жасайтын компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Ларри Эллисон YouTube және Zoom арқылы өткен бейнеконференциялардың сапасына ризашылық білдірді. «Компаниялар ешқашан бетпе-бет кездесулерге оралмайды. Бұл жеке бас қауіпсіздігі үшін де, қаржы үнемдеу үшін де тиімді. Компанияның табысының 15-20 пайызы кеңсені жалдауға немесе коммунальдық шығыңдарға кетеді. WeWork коворкинг жүйесі қаржыны үнемдеуге мүмкіндік бергендіктен, бұл ұсыныстан алпауыт компаниялардың өздері бас тарта алмайды. Мен оған сенемін», дейді Ларри Эллисон.
Еске сала кетейік, Oracle компанияда 136 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді.Әлемнің 17 елінде филиалы бар.
«Егер әркім үйде жұмыс істей алатын болса, онда үлкен кеңселердің не қажеті бар. Мүмкін, кеңсенің жал ақысы немесе коммунальдық төлемдердің шығандарын қызметкерлеріміздің айлық жалақысын жұмсаудың кезі келген шығар. Қазіргідей ақпаратты технологиялардың заманында кеңсе жалдап, басы артық шығынға жол беру тым ақылды шешім емес», депті техникалық қолдау қызметтерін ұсынушы SAP Римини компаниясының Бас директоры Сет Равен.
Оның компаниясы Лас-Вегаста орналасқан және бүкіл әлемде 30 кеңсесі бар.
Равеннің ұстанымын Okta қолданушысының тіркелу деректерін басқару қызметтерінің бас директоры Тодд МакКиннон да қолдады.
Окта компаниясында 2 248 адам жұмыс істейді. Олардың көпшілігі Сан-Францискодағы бас кеңседе, қалғаны – басқа елдердің 12 кеңсесінде орналасқан. «Біз осыған кеңселер аумағын ұлғайтуды жоспарладық. Кеңсеміздің көптігінен қызметкеріміздің тиісті деңгейде жалақысын көтеруге мүмкіндік бола бермеді. Қашықтан жұмыс істеу бізге бар жоғары 10 шақты шаршы метр кеңсе де қажетімізді өтейтінін көрсетті, ал бизнес келісімшарттары үшін коворкинг те жетеді. Себебі кез келген компания ірі келісімшарттарға күн сайын қол қоя бермейді», деді МакКиннон.
Біз осыған дейін Қазақстанда да карантиннен кейін хоум кеңсе сұранысқа ие болатынын, кейбір мемлекеттік корпорациялардың осы үрдіске кезең-кезеңмен көшуді жоспарлап жатқанын жазғанбыз.
Қазақстандық сарапшылар коворкинг бизнесі бұған дейін де пайда болғанын айтады. Алматы мен Нұр-Сұлтанда кеңсе жалдаудың бағасы қымбат. Сол себепті ШОБ өкілдері қазақстандық немесе шетелдік әріптестеріммен келісімшартқақол қою үшін коворкингтің тиімділігіне басымдық бере бастаған.
АЛМАТЫ