Аймақтар • 23 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтанда еріктілер жарты миллионнан астам медициналық маска таратты

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық жастар саясаты басқармасының еріктілер штабы «Жас Отан» жастар қанатының волонтерлерімен бірге азық-түлік себеттері мен гигиена заттарын (медициналық маскалар, антисептиктер) таратуды жалғастыруда деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда еріктілер жарты миллионнан астам медициналық маска таратты

Бүгінге дейін олар мұқтаж отбасыларға қажетті тауарлармен бірге 10 мыңнан астам азық-түлік себетін таратты. Қазірдің өзінде 500 мың маска таратылды.  Nur Otan партиясының қолдауымен #бізбіргеміз акциясының екінші толқыны аясында қалаға 2 миллион маска әкелініп, оның үштен бірі таратылды.

«Еріктілер қызметіне ақы төленеді деген қате пікір бар. Бұл «волонтер», яғни, ерікті ұғымын түбегейлі теріске шығарады. Ерікті – қоғамға пайдалы қызметпен ақысыз айналысатын адам», – деп атап өтті қалалық жастар саясаты басқармасында.

Айта кету керек, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматыда жалғыз басты қарттарға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және аз қамтылған көп балалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін қаражат бөлінді.