13 Қыркүйек, 2013

Жалаулы жарыстар

248 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бокс. Үстіміздегі жылғы қазан айында Алматыда ересектер арасында өтетін әлемдік бәсекеге қатысатын елдердің тізімі белгілі болды. Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының хабарлауынша, 14-26 қазан күндерi өтетін чемпионатқа 118 елден шамамен 600 боксшы қатысады. Жаһандық жарыс Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді.

Велоспорт. Астанада Қазақстан чемпионаты өтуде. Биыл чемпионатқа Қазақстанның барлық өңірлері мен Астана және Алматы қалаларының командалары қатысуда. Онда жалпы саны 100-ден астам спортшы жарысуда. Жарыс күн сайын сағат 15.00-де, ал 14 қыркүйекте сағат 10.00-де басталады. Марапаттау рәсімі және жарыстың жабылу салтанаты сағат 13.00-де өтеді. Чемпионат «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтіп жатыр.

Хоккей. Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында көш бастап келеді. Алғашқы екі ойында қарсыластарын ұтып, 6 ұпай иеленген «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында бірінші орынға көтерілді. Екі кездесуде «Барыс» қарсыластар қақпасына 15 шайба соғып, 4 шайбаны жіберіп алды. Бұл жағынан олар биылғы чемпионаттың фавориттері саналып отырған «Динамо-Мәскеу» (16-3) және «СКА» (16-6) командаларына ғана жол беріп тұр. Естеріңізге сала кетсек, «Барыс» алғашқы екі ойынында Череповецкінің «Северсталь» командасын 10:1 есебімен, Ярославльдің «Локомотив» клубын 5:3 есебімен жеңген болатын.

Кеше «Барыс» өз алаңында Санкт-Петербургтің СКА командасымен кездесті.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар