Аймақтар • 23 Сәуір, 2020

Шымкенттік полицейлер Instagram желісінде қала тұрғындарына арнап ән шырқады

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қалалық полиция департаментінің Instagram әлеуметтік желісінің  тікелей эфирінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлерінен құралған «Полиарт» тобы шағын концерт ұйымдастырды. Карантинде үйде отырған шаһар тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды мақсат тұтқан онлайн концертті көрермен жылы қабылдады.

Шымкенттік полицейлер Instagram желісінде қала тұрғындарына арнап ән шырқады

Естеріңізге салар болсақ, аталған үштік 8 наурыз мерекесі карсаңында қаламыздағы Арбатта нәзік жандыларға арнап ән шырқап, тұрғындардың сүйіспеншілігіне ие болған.

Полицейлер тікелей эфирде көрермендердің сұранысы бойынша жеті ән шырқады. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері азаматтарды төтенше жағдай режимін және барлық сақтық шараларын сақтауға шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Тікелей эфир кезінде көрермендер талантты орындаушыларға алғыстарын білдірді.

 

Шымкент