Білім • 23 Сәуір, 2020

ҰБТ-ның сұрақтарында IV тоқсанның бағдарламасы болмайды

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Ұлттық бірыңғай тестілеудің сұрақтары мектеп бағдарламасының шеңберінде меңгерілетін негізгі тақырыптарды қамтитыны белгілі. Бірақ Ұлттық тестілеу орталығы 2020 жылғы ҰБТ-да пайдаланылатын сұрақтар IV тоқсан бағдарламасының болмайтынын мәлімдеді.

ҰБТ-ның сұрақтарында IV тоқсанның бағдарламасы болмайды

Мұндай шешімге келудің себебін орталық бітіруші сыныпты соңғы тоқсанда негізінен бұрынғы өткендерді қайталайтынын және жаңа тақырыптардың тым аз екенімін байланыстырады. 

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мамандар тест тапсырмаларының мазмұнын егжей-тегжейлі талдағанын айтады. 

«Біз қашықтан оқуға көшу ҰБТ-ға дайындалуға әсер етпейді деп есептейміз, оның үстіне, мектеп оқушылары ҰТО-ның сайтында орналастырылған сынама тестілерін тегін пайдалану мүмкіндігіне ие. Әрбір пән бойынша 70 нұсқа әзірленді. Біз оқушылардың сынама тестілерін белсенді пайдаланатынын көріп отырмыз. Карантин кезінде оқушылардың ҰБТ-ға жақсы дайындалуы үшін барлық жағдай жасалуда. Оның үстіне ҰБТ сұрақтары төртінші тоқсанның тақырыптарын емес, жалпы мектеп бағдарламасын қамтиды. Айтпақшы, соңғы жылдары фактологиялық материалды жаттау мен  есте сақтауға емес, функционалдық сауаттылыққа байланысты сұрақтардың үлесі артып келеді», деді Д.Смағұлов. 

Орталық басшысы осыған қоса ҰБТ-ны өткізу бұрынғы форматта қалатынын, алайда қосымша санитарлық шектеу шаралары енгізілетінін атап өтті. Ал карантин ұзартылған жағдайда ҰБТ-ны өткізудің балама нұсқасы дайындалып жатыр.