Экономика • 23 Сәуір, 2020

БҰҰ Даму Бағдарламасы «жасыл» жобаларды қаржыландырады

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда шағын және орта бизнес өкілдерде энергия үнемдеу технологияларын дамытуға және жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бойынша жобаларды іске асыруға қаражат алуға мүмкіндік бар. Елде қаржыландырудың тиісті бағдарламасын Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) қаржылық қолдауымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) жүзеге асырады.

БҰҰ Даму Бағдарламасы «жасыл» жобаларды қаржыландырады

Қазіргі уақытта БҰҰДБ Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп келесі бастамаларды жүзеге асырады: қалаларды төмен көміртекті дамыту және ЖЭК шағын жобаларын іске асыру.

Бірінші бастама аясында жылу және сумен жабдықтау, су бұру, қоғамдық және көп пәтерлі тұрғын үйлер, көше және ішкі жарықтандыру жүйелері және т. б. сияқты қала шаруашылығы салаларында энергия ресурстарын үнемдеуге алып келетің жобалары бар  бизнес өкілдерін қаржылық қолдау тетіктері қарастырылған. Қатысушыларға несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін 10%-ға төмендету, инвестициялық субсидия түрінде несие бойынша негізгі борышты 40%-ға дейін есептен шығару, сондай-ақ «Даму» КДҚ» АҚ арқылы ЕДБ-дан кредит алу үшін кепілдік беру арқылы қаржыландырудың жеңілдікті шарттары беріледі.

БҰҰДБ-да атап өткендей, іске асырылған жобалардың нәтижесі бойынша 1 теңге қаржылық қолдауға 6 теңге инвестиция тартатынын және коммуналдық шығындарды 30-40% үнемдейтіндігі дәлелденіп отыр.