Экономика • 23 Сәуір, 2020

Қазақстандық Wooppay компаниясы Тәжікстан нарығына кірді

596 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Wooppay Орталық Азияда өз қызметін кеңейтуде. Қаржы технологиясы компаниясының заманауи қаржылық өнімдермен қамтамасыз ететін үшінші елі Тәжікстан болды. Кеңсе Худжанд қаласында ашылды.

Қазақстандық Wooppay компаниясы Тәжікстан нарығына кірді

«Қазақстанда көптеген тәжік еңбек мигранттары жұмыс істейді. Сондай-ақ, елде қаржы технологиясы қызметтері белсенді дамып келеді. Сондықтан біз өз өнімдеріміздің әлеуетін көріп тұрмыз», – дейді «Wooppay» даму жөніндегі директоры Александр Дорошенко.

Посткеңестік кеңістіктің басқа елдерімен салыстырғанда Тәжікстанда жастардың ең жоғары пайызы байқалады. Осы ел - пайдаланушылар саны өсіп келе жатқан перспективалы нарық. Wooppay жоспарларыңда Тәжікстанда мынадай сервистерді дамыту: әмиян, woopkassa – веб-сайттарда және қосымшаларда карта арқылы төлемдерді қабылдау қызметі, ұялы байланыс операторларына арналған мобильді сауда платформасы.

«Біз елге қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізуге көмектескіміз келеді. Біздің мақсатымыз – Тәжікстан азаматтары үшін ғаламтордағы төлеу процестерін жеңілдету және қауіпсіз ету, сонымен қатар барлық Орталық Азия елдерінде тәжік қызметтеріне ақы төлеуге мүмкіндік беру», – дейді Wooppay тәжікстандық кеңсесінің директоры Бахтиёр Кодиров.

2018 жылы «BOT-Service» тәжікстан стартапы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Astana Hub» IT-стартаптарының халықаралық технопаркінде акселерациядан өтті. «Astana Hub»  акселерация бағдарламасы - бұл үш айлық қарқынды технологиялық стартаптарды дамыту бағдарламасы. Ол тәлімгерлік, оқыту және сараптамалық қолдау арқылы бизнес құруды мақсат етеді. Тәжікстан нарығы ғаламтор-эквайрингті жақында ғана енгізе бастаған, сондықтан осы бағытта жұмыс істеуге шешім қабылданды. Стартапшылар жергілікті банктердің бірімен ынтымақтастық туралы келісім жасасып, «PayMon» өнімін шығара бастады.

Сонымен қатар «PayMon» 2019 жылы «Visa Everywhere Initiative» байқауына қатысты. Бұл байқауды «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы (AХҚО) Visa-мен серіктесіп жасады. AХҚО - ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген тәуелсіз юрисдикция, олар инвесторлар мен компаниялардың дамуына қолайлы жағдай туғызады. Оның бағыттарының бірі - стартаптарды қолдау бағдарламалары және Орталық Азиядағы бірінші реттеуші «құмсалғыш» FinTech Lab арқылы келешекті қаржы технологиялары жобаларын қолдау. Және де венчурлық капиталды тартуға, серіктестік орнатуға көмек, т.б.

Байқау нәтижесінде Орта Азия қаржы технологиясындағы стартаптарының картасы жасалды, оған Тәжікстан жобасы да енген. Мұны білген «Wooppay» «PayMon»-ға ынтымақтастық ұсынды. Осылайша, жоба «Wooppay» Тәжікстан бөлімшесіне айналды.

«Аймақтық қаржы технологиясы сервистерінің дамуы және масштабтауы – AХҚО-ның негізгі міндеттерінің бірі. Біз қазақстандық компанияның, AХҚО Қаржы технология Хабының қатысушысының Орталық Азиядағы нарығын кеңейтіп жатқанына қуаныштымыз», - деді AХҚО Қаржы технология Хабының сарапшысы Тарас Волобуев.

WOOPPAY компаниясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақша жүйесінің операторы болып табылады. Нарықта 2012 жылдан бастап жұмыс істейміз. Компания ақша қабылдау және аудару бойынша, сондай-ақ әр түрлі қызмет саласындағы серіктес компаниялардың қаржылық ағымдарын оңтайландыру бойынша бірегей шешімдерді ұсынады. Қазіргі уақытта «WOOPPAY» - Қазақстан Республикасындағы онлайн-төлемдер нарығының көшбасшысы және «ЭҚАЖ» төрт эмитенттің ең ірі операторы. Біз онлайн-төлемдердің таралуының, масштабталуының және өсуінің жоғары қарқынын сақтаймыз.