Аймақтар • 23 Сәуір, 2020

Қазақстан мен Қытай шекарасында көлік кептелісі бар ма?

533 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы Панфилов ауданының аумағындағы «Nur joly» өткізу бекеті арқылы Қытай еліне жүк көліктері өтіп жатыр.

Қазақстан  мен Қытай шекарасында көлік кептелісі бар ма?

Бұған дейін де қатаң санитарлық қадағалау арқылы шекара асатын жүк елімізде індет таралу қаупінің артуына байланысты жіті тексеріліп жатыр. Мұндай бақылау шарасы Қытай тарапынан да күшейді. Осыған байланысты өткізу бекетінде көлік кезегі пайда болды. Мәселен, қазіргі сәтте күніне 20 көлікті ғана тексеріп, өткізу мүмкін болып тұр. Ал бекет маңында төрт жүзеге жуық көлік кезек тосуда.

Қазір кезекте тұрған жүргізушілердің қауіпсіздігі мен жағдайын ойлаған Панфилов ауданының әкімдігі адамдар демалатын арнайы палаткалар тігіп, асхана қызметін ұйымдастыруда.

- Біз жүргізушілерге арнап екі қонақ үйді дайындадық. Күн сайын жүк көліктері тұрған жолға дезинфекциялық тазалық жұмыстары жүргізіледі. Жүк көлігі өтетін жерге арнайы санитарлық бекет орнаттық. Барлығын мамандар қадағалап, тексеріп отыратын болады,-  дейді Панфилов ауданының әкімі Талғат Өмірәлиев.

Ал бекеттегі тексеруге орай кезек күтіп тұрған жүргізушілер ыстық күнде қолайлы жағдай жасап отырған әкімдіктің жұмыстына алғыстарын білдіруде.

 

 

Алматы облысы