Қоғам • 23 Сәуір, 2020

Алматыда аудит пен қызметке шектеулерді алып тастауға дайындық актісін қайдан алуға болады?

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі аудиттен өту және қызметке шектеулерді алып тастауға дайындық актісін алу үшін қайда хабарласуға болатындығы туралы төмендегідей ақпар берді:

Алматыда аудит пен қызметке шектеулерді алып тастауға дайындық актісін қайдан алуға болады?

Осы жылдың 20 сәуірінен бастап Алматыда өнеркәсіп салалары мен кәсіпорындарының қызметіне рұқсат берілді.

Кәсіпорындар аудиттен өткеннен кейін және барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі мен дайындығы туралы оң шешім алғаннан кейін жұмысты жалғастыра алады.

Аудиттен өту үшін 1-Қосымшаға сәйкес кәсіпорын туралы ақпаратты электрондық prom_dopusk@mail.ru мекен-жайға жіберу қажет.