Ал порталда көрсетілген аудандар бойынша байланыс нөмірлеріне аталған көмек бойынша кеңес сұрап 243 тұрғын хабарласқан.
Айта кетейік, төлемді алу үшін тұтынушы «communal-komek.kz» электронды порталына кіріп, онда көрсетілген санатқа енетін азаматтың жеке сәйкестіндіру нөмірін теру қажет. Көмек алушының ЖСН-ін тексерген кейін портал рұқсат берген жағдайда ары қарай жалғастырып, қажетті мәліметтерді (әлеуметтік дәрежеңізді және дербес шот деректеріңізді) енгізесіз.
Жауапты мамандар ұсынылған деректерді тексеріп, мәліметтер расталған жағдайда коммуналдық қызметтер тұтынушысының дербес (абоненттік) шотына қаржы аударады.
Көмек көрсету сәуір және мамыр айларын қамтиды.
Шымкент