13 Қыркүйек, 2013

Шығыста белгісіз тарақан пайда болды

591 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

tarakanШығыс Қазақстан облысының орталығында белгісіз сарғыш тарақандар пайда болды. Қала дүкендерінен кездескен осы жәндіктердің кейбірінің ұзындығы бестен жеті сантиметрге дейін жетеді. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.

Қазір бұл зиянкестер дүкендерді аралап қана қоймай, кәріздер мен дәліздерден де көріне бастапты. Жергілікті жердегі коммуналдық мекеме қызметкерлері оларды хлормен улағанымен, еш нәтиже болмай тұр. Қайта белгісіз сарғыш тарақандардың саны жылдам көбейіп жатқан көрінеді. Сондай-ақ, денелерінің үлкендігіне қарамастан, тез қозғала алады екен және қанаттары бар. Алғашында жұртшылық бұл жәндіктерді қаладағы экобиоорталықтан қашып кеткен десті. Ал аталмыш мекеме директорының орынбасары Юрий Лукьянецтің мәлімдеуінше, орталықта тек мадагаскар тарақаны ғана бар екен. Оның өзі өте баяу қозғалады және барлық талапқа сай бекітілген аквариумда өмір сүруде.

Мамандар бұл жемір жәндіктердің отаны - Оңтүстік-Шығыс Азия екендігін айтып отыр. Олар буылып-түйілген тауарлармен бірге келуі мүмкін. Сағат санап көбейіп келе жатқан тынымсыз ірі тарақандарды 40 градустан асатын Алтайдың аязы жоймаса, әзірге еңбеккерлердің жұмысынан нәтиже болмай тұр.

Данияр Түймебай.

Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері күн жылынады

Ауа райы • Бүгін, 17:55