Әлем • 23 Сәуір, 2020

Германиялықтар маска тағып жүруге міндеттелді

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германия үкіметі барлық тұрғын қоғамдық орындарда маска тағып жүруге міндетті деген шешім қабылдады.

Германиялықтар маска тағып жүруге міндеттелді

Масканы елдің барлық аумағында қоғамдық көлікте тағу міндеттелді. Сонымен қатар дүкен мен сауда орындарында халық бұл ережені қатаң сақтауы тиіс. Масканың барлық түрін, соның ішінде қолдан жасалғандарды да пайдалануға рұқсат етілген. Сондай-ақ мұрын мен ауызды жауып тұратын шарфтарды және басқа да заттарды қолдануға болады. 

Роберт Кох атындағы жұқпалы ауруларды зерттеу институтының мәліметінше, 22 сәуірдегі жағдай бойынша Германияда 145 694 адам коронавирус жұқтырып, 4879 науқас қайтыс болған. 99 мың адам емделіп шықты.

Соңғы жаңалықтар

Ертіс өзенінде сең қозғалды

Табиғат • Бүгін, 09:45

Айдың арғы беті...

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10