Аймақтар • 23 Сәуір, 2020

Шымкентте төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 842 хаттама толтырылды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Шымкент қаласы Полиция департаменті БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері үшін департамент басшысы, полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтың қатысуымен баспасөз турын ұйымдастырды.

Шымкентте төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 842 хаттама толтырылды

Баспасөз туры аясында БАҚ өкілдері төтенше жағдай кезінде қала аумағында және кіреберістерінде қойылған блок-бекеттердің жұмысымен танысты. Сондай-ақ карантин режиміне байланысты қабылданған шаралардың барлық туындаған мәселелері бойынша қосымша түсіндірме берілді.

Шымкент қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шараларын іске асыру мақсатында Шымкент қаласы ПД-нің 1206 қызметкері жұмылдырылған.

Шымкент қаласының кіреберістерінде 18 блок-бекет жұмыс атқаруда. Ал қала көшелерінің қиылыстарында 20 бекет қойылған.

Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша 842 хаттама толтырылған. Оның ішінде 308 жайт бойынша әкімшілік сотпен қаулы шығарылып (61 адам әкімшілік қамауға алынды, 120тұлғаларға айыппұл салынды, 127 тұлға ескерту алды), қалған істер қаралу сатысында.

 

 Шымкент