23 Сәуір, 2020

Алматы: Екі күнде 78 адам індет жұқтырды

773 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше мегаполисте індет жұқтырғандардың жаңадан 54, бүгін 24 жағдайы анықталды.

Алматы: Екі күнде 78 адам індет жұқтырды

Оның ішінде ​ Орталық қалалық аурухананың карантиндегі 22 медицина қызметкері, №1 Қалалық клиникалық аурухананың провизорлық стационарының 2 қызметкері, Балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының 10 қызметкері, 4 медициналық жедел жәрдем қызметінің 4 қызметкері және вирус жұқтырған адаммен байланыста болған 40 адам бар.

Жалпы Алматыда коронавирустық инфекция жұқтырудың расталған 756 жағдайы тіркелді. Алматыда осы күнге дейін 88 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарларында Алматы облысындағы бір науқасты есепке алғанда 663 пациент емделуде.

Екі адамның жағдайы – өте ауыр, 24 адамда – ауыр, 198 пациентте ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалған науқастарда – қанағаттанарлық.

Провизорлық орталықтарда 440 адам, оның ішінде 15-і бала, карантиндік оқшаулауда – 421 (5 бала), үй карантинінде – 10 093 азамат бар.