Осы орайда, қауіпті індеттің алдын алу мақсатында бүгін аталған мекемелер Тараз қаласындағы орталық «Нұрсұлтан Назарбаев» алаңына жиналып, өздеріне бекітілген бағыттар бойынша қаладағы 11 аумақтық округтерде залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Негізінен залалсыздандыру жұмыстарына қаладағы көшенің бойындағы нысандар, көпқабатты тұрғын үйлер, аулалар, саябақтар, аялдамалар мен жаяу жүргіншілер жолы қамтылған.
Тараз қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен бастау алған бүгінгі залалсыздандыру жұмыстарына 40-тан астам қызметкерлер, 200-ге жуық әскери азаматтар және 20-ға жуық техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, аталған жұмыстарға 22 тонна дезинфекция сұйықтығы жұмсалды.
Жамбыл облысы