14 Қыркүйек, 2013

Ерекше білім ордасы

420 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Назарбаев школа открытие 1Атырауда Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды

Атырауда өзге мектептерден артықшылығы басым ерекше білімордасыНазарбаев зияткерлік мектебінің ашылу салтанаты өтті. Ерекше деуіміздің бірнеше себебі бар. Алдымен айтарымыз, мұнда мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік дегендей, ең талантты шәкірттер оқиды. Алайда, өңірдің әр мектебінде, әр ұстаздан дәріс алған оқушылар Назарбаев зияткерлік мектебіне бірден қабылдана қойған жоқ. Осы оқу ордасына қабылдануға өтініш берген 2978 оқушының әрқайсысы әуелі екі кезеңнен тұратын пәндік тестілеу сынағын тапсырды. Сол сыннан жоғары балл жинаған оқушылар арасында конкурстық іріктеу өткізілді. Сөйтіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Өркен» гранты барлық сыннан сүрінбей өткен 697 оқушыға берілді. «Бұл өтініш берушілердің 23 пайызын ғана құрайды», дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Табиля Акимова.

 

 

Атырауда Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды

Назарбаев школа открытие 7

Назарбаев школа открытие 1

Атырауда өзге мектептерден артықшылығы басым ерекше білімордасыНазарбаев зияткерлік мектебінің ашылу салтанаты өтті. Ерекше деуіміздің бірнеше себебі бар. Алдымен айтарымыз, мұнда мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік дегендей, ең талантты шәкірттер оқиды. Алайда, өңірдің әр мектебінде, әр ұстаздан дәріс алған оқушылар Назарбаев зияткерлік мектебіне бірден қабылдана қойған жоқ. Осы оқу ордасына қабылдануға өтініш берген 2978 оқушының әрқайсысы әуелі екі кезеңнен тұратын пәндік тестілеу сынағын тапсырды. Сол сыннан жоғары балл жинаған оқушылар арасында конкурстық іріктеу өткізілді. Сөйтіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Өркен» гранты барлық сыннан сүрінбей өткен 697 оқушыға берілді. «Бұл өтініш берушілердің 23 пайызын ғана құрайды», дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Табиля Акимова.

Екіншіден, бұл білім ордасында дәріс беретін ұстаздар да конкурстық іріктеуден өткізіліпті. Ұстаздардың біліктілігін жете зерделеген конкурстық комиссия ұйғарымымен 74 ұстаз ерекше мектептің дарынды шәкірттеріне дәріс беру құқығын иеленді. Олардың арасынан 33 мұғалім үш деңгейлі білім жетілдіру курсынан өтті. Ал «Болашақ» бағдарламасының төрт түлегі Назарбаев Университетінің базасында бір жылдық курста білімін одан әрі шыңдай түсіпті.

Үшіншіден, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшиденованың айтуынша, мұндағы пәндік дәрістер тек қазақ және орыс тілінде ғана емес, сонымен бірге, ағылшын тілінде де жүргізіледі. Сол себептен, әр ұстаздың ағылшын тілін білуіне баса көңіл бөлініп, тіпті, АҚШ, Ұлыбритания, Румыния, Ирландия және Оңтүстік Африка Республикасы секілді шет мемлекеттерден 12 жоғары санатты ұстаздар шақыртылған. Сондай шетелдік маманның бірі Хасан Сабиг шәкірттерге биология пәнінен ағылшын тілінде дәріс жүргізеді.

Ал енді Назарбаев зияткерлік мектебінің материалдық-техникалық базасының жарақ­тандырылуына тоқталсақ, өзге мектептерден оқ бойы озық тұратындығымен ерекшеленеді. Себебі, мұнда бір мезгілде 720 шәкірттің оқитындығы өз алдына, білім ордасындағы 60 кабинеттің барлығы да компьютер мен интерактивті тақтамен қамтылған. Бұдан өз­ге оқушылардың дербес жұмыс жасауы үшін 650 ноутбук орнатылған. Бұдан өзге 15 тілдік кабинеттің әрқайсысы он оқушының отыруына лайықталған. Бұл мектеп химия-биология бағытында болғандықтан, әсіресе, нанотехнология, биотехнология кабинеттері оқушылардың ғылыммен тереңірек айналысуына мол мүмкіндік береді. Сонымен бірге, робот техникасы кабинеті де дарынды өрендердің ой ұшқырлығын жетілдіре түсуіне септігін тигізетіні даусыз.

Білім ордасының кітапханасы да бай, спорттық алаңдары да оқушылардың қауіпсіздігін сақтайтын арнайы гетерогендік жабындымен көмкеріліп, мұнда спорттың бірнеше түрімен шұғылдануына жол ашылып отыр. Ал алыс ауылдардан келген шәкірттер үшін ашылған жатақхананың да жабдықталуы көрген жанның көңіліне қуаныш ұялатады.

– Бүгінгі ең негізгі мақсат – тек Назар­баев зияткерлік мектептерінде ға

Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері күн жылынады

Ауа райы • Бүгін, 17:55