Уақыт жылдам. Жыл бел ортадан асты. Межелі іс-мақсат бағамдалар кез жақын. Осындайда жағдай барысы қалай екен деген ой кімде-кімнің көкейін тесуі анық. Соған орай ел экономикасының тірегі саналатын Қарағанды аймағының даму үдерісіне зер салынса, тәуір өзгерістер, жағымды жаңалықтар алдымен көзге көрінері көңіл өсірерлік деуге болады. Әсіресе, алыс-жақын айналадағы кейбір кедергілерге қарамастан, ілгерілеудің іркілер еместігі қуантады жұртты.
Уақыт жылдам. Жыл бел ортадан асты. Межелі іс-мақсат бағамдалар кез жақын. Осындайда жағдай барысы қалай екен деген ой кімде-кімнің көкейін тесуі анық. Соған орай ел экономикасының тірегі саналатын Қарағанды аймағының даму үдерісіне зер салынса, тәуір өзгерістер, жағымды жаңалықтар алдымен көзге көрінері көңіл өсірерлік деуге болады. Әсіресе, алыс-жақын айналадағы кейбір кедергілерге қарамастан, ілгерілеудің іркілер еместігі қуантады жұртты.
БұғанөңірбасшысыБауыржанӘбдішевоблыстықмәслихатдепутаттарынабергенесебіндекөпдеректеркелтірді. Түйінділерін саралап көрелік. Өткен 7 айда жергілікті экономиканың өсімі былтырғы деңгейден ауыз толтырып айтарлықтай жоғарылаған. Мысал үшін басты макроэкономикалық көрсеткіштер соны айғақтайды. Соның ішінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1,5 есе, негізгі капиталға инвестиция тарту 12,5, сыртқы сауда айналымы 3,6 пайызға ұлғайыпты.
Аймақтағы «Арселор Миттал Теміртау», «Қазақмыс» тәрізді ірі компаниялар жұмысындағы қиындықтардың жалпы жағдайға әсерін төмендетуге арналған шаралардың бірі, ішкі резервтерді барынша пайдалану даму ырғағын сақтата алған. Бұл ретте Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша іске асырылудағы жобалар ұмтылысқа серпін берсе, оның 11-і биыл қатарға қосылғалы отыр. Сонымен бірге, былтыр құрылған «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының күннен-күнге күш алуы өзгерістерді өрлетіп келеді. Қазір мұнда отандық және шетелдік 12 компания таяу арада 3 жаңа өндіріске жол ашады. Ресей, Беларусь, Қытай, Словакия және Германияның белгілі компанияларымен бірлескен кәсіпорындардың жұмыс ауқымы кеңеюі де қадамды қарыштата түсуде. «ҚазБелАЗ» және «ГеоМаш» ЖШС кеніштерден қыр бетіне кен тасымалдайтын өздігінен қотарғыш ауыр салмақты көліктер мен осындай техникалар үшін сервистік орталық ашып, өндірісті әртараптандыруға бет бұрғызуы тәрізді құбылыстар аз емес. Ішкі өңіраралық кооперация аясында Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының іргелі кәсіпорындарымен жасалған 16 келісімшарт бойынша атқарылатын жұмыстар аймақ дамуына соны серпіліс туғызып жатыр.
Осы тұста өлке тұрғындары, әсіресе, жезқазғандықтар Жезқазған, Сәтбаев қалаларының және Ұлытау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарына сәйкес өсіп-өркендеуге жарқын жол түзеуіне үлкен үміт артып отыруын айта кетпеске болмайды. Үкімет бұл мақсаттағы шараларды 38-ден 111-ге дейін көбейтіп, қаржыландыруды 128 млрд. теңгеден 446 млрд. теңгеге еселеуі аталған өңір келешегіне қамқорлықтың қандайлық екенін көрсетеді. Соған орай іс басы жақсы. Экономикасы негізінен мыс өндірісіне тікелей байланысты аймақтың минералдық-шикізаттық ресурстарын кеңейту, кен көздерін зерттеу қызу қолға алынды.
Халық қалаулыларына баян етілгендей сондай-ақ, құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылығы саласындағы ілгерілеу үдерісі іркілер еместігі жыл мәресінің сәтті болуына үміт үлкейтеді.
БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ БЕЛ ОРТАСЫНДА
Соңғы жылдарда облыста үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық өмірдегі орны мен беделі күшеюі байқалады. Бүгінде саны 800-ге жуықтаған бұл ерікті ұйымдардың араласпайтын саласы жоқ деуге болады. «Азаматтық қоғам институттары күшін біріктіру – әлеуметтік-экономикалық реформаны ойдағыдай жүзеге асырудың басты факторы» атты тақырыпта өткен аймақтық ІХ форум белсенділікті одан сайын күшейту жолдарын талқылауға арналды. Онда сөз алушылар ҮЕҰ-дар мен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынасты тереңдету, ортақ мақсаттағы іс-шараларды үйлестіру, кейбір кедергілерді бірлесіп шешу мәселелерін ортаға салды.
Қалыптасқан үрдіс бойынша жылдың үздік қоғамдық ұйымдары аталды. Бұл жолы ВИЧ дертіне шалдыққан жандардың құқын қорғаушы және көмек көрсетуші «Кредо» ҮЕҰ жеңімпаз деп танылды. Осындай ізгілікті бірнеше жылдан бері атқарып, қауіпті сырқатты жұқтырғандарға қамқоршы б